Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында есеп беруде. Жыл басынан 40 мыңнан астам тұрғын қатысқан 700-дей кездесу өткізілген. Бұл кездесулерде 400-ге жуық тұрғынның өтініші қаралды. Осындай кездесуді Мамлют ауданының полицейлері де өткізді.
Воскресеновка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының есеп беру кездесуіне облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов, Мамлют ауданының әкімі Ерболат Бекшенов.
Полиция инспекторы Жанат Тұрсыновтың есебінде жыл басынан осы округте 6 қылмыс тіркелгені айтылды. Олардың көбі ұрлыққа қатысты. Маскүнемдікпен күрес – ауылдық полицейлер жұмысының басты бағыттарының бірі. Округтің спирттік ішімдікке әуес 14 тұрғыны учаскелік инспектордың ерекше бақылауына алынған.
– Осындай кездесулер ауылдықтармен құқықтық тәртіп мәселесіндегі ұсыныстарды немесе ескертулерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Тұрғындардың пікірі – жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үшін басты талап, – деп атап өтті Берік Біләлов.
Кездесу соңында аудан әкімі Ерболат Бекшенов учаскелік инспекторға ноутбук, ал аудандық ішкі істер бөліміне Мамлютка қаласынан қызметтік үйдің кілтін табыс етті.
(Өз тілшіміз).