«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДЫҚТАРҒА ДА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің құрылған күніне орай қаржы мекемесінің облыстық филиалында банктің жартыжылдық жұмыс қорытындыларына және өңірдегі белгілі құрылыс компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасына арналған жиын болды. Банк филиалының директоры Райхан Әбдірахманованың айтуынша, табысы коммерциялық банктерден ипотекалық кредит алуға мүмкіндік бермейтін тұрғындар аталмыш тұрғын үй-құрылыс жинағына көптеп тартылуда. Банктің облыстық филиалы өткен алты айдың ішінде сомасы 5,6 млрд. теңгенің тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы шарт жасады. Барлығы тұрғындарға сомасы 2,2 млрд. теңгенің 385 қарыз қаражатын берген болса, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 128,5 млн. теңгеге 61 қарыз берілді.

Сонымен бірге филиалда “көшпелі сервис” қызметінің табысты жүзеге асырылып, өз жұмысын бастағаны айтылды. Филиал қызметкерлерінің жедел тобы облыстың алыс аудандарына шыға бастады, ондағы тұрғындар жергілікті жерде тұрғын үй-құрылыс жинағы шарттарын жасайды және ол туралы керекті ақыл-кеңестер алады. Мысалы, маусым айының бас кезінде “көшпелі сервис” қызметі Айыртау ауданында болып, 512 адам қатысқан 20 тұсаукесер өткізді.  

Осы күнге дейін жергілікті атқарушы органдармен ғана жұмыс жүргізіп келген тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі жүйесі ендігі уақытта жеке құрылыс салушылармен де ынтымақтастықты дамытуға ден қоя бастады. Сол үшін аталмыш жиынға өңірдегі құрылыс индустриясы көшбасшыларының бірі – “Основание” ЖШС-нің директоры Сергей Тимофеевті шақырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тоқтар ЗІКІРИН,

  “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp