«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

 «АУЫЛДЫҢ» АУЫЛДЫҚТАРҒА ТАРТУЫ

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөлде «Ауыл» халықтық-демократиялық атриоттық партиясының 25 жылдығына орай ерекше іс-шара өтті. Орталық алаңда тұрғындарға 1000-нан астам қаз балапаны тегін таратылды.

Бұл акция ауыл тұрғындарына нақты кө­мек көрсету, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін ны­ғайту мақсатында ұйымдастырылды.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қуа­нышпен қарсы алып, шараға белсене қатыс­ты. Ұйымдастырушылар тарапынан ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін­дерге арналған пайдалы кеңестер мен прак­тикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар қаз шаруашылығын жүргізудің қыр-сыры­мен танысуға мүмкіндік туды.

Іс-шара барысында балалар мен үлкен­дерге арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, ауыл жұртшылығы бір серпіліп қалды.

«Ауыл» партиясы ауылды жерлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жолында нақты әрі нәтижелі істер атқарып келеді. Бұл жолғы бастама – соның бір айға­ғы. Шара соңында тұрғындар партияға ал­ғыс білдіріп, мұндай игі істер жалғасын та­батынына сенім артты.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp