Есіл ауданының Горный ауылында жаңа су тарату станциясы іске қосылды. Ширек ғасыр сапалы ауызсуға қолдары жетпей келген тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру үшін облыс бюджетінен 32 миллион теңге бөлінген еді.
1980 жылы су тарату станциясы жабылғаннан бері суға жарымай келген ауылдың тұрғыны Райымжан Исенов облыс әкімінің тапсырмасымен ашылған станция олар үшін зор қуаныш екендігін жеткізді. Жаңа су станциясы барлық заманауи талаптар бо-йынша жабдықталған. Мұнда тіршілік көзі тұрғындар тұтынғанға дейін толықтай тазартылады.
– Биыл өңір басшысының тапсырмасымен су мә-селесі шешілді. Облыс бюджетінен бөлінген қаржыға жаңа су станциясы тұрғызылды. Енді жұртшылық таза ауызсуды пайдалана алады, – деді “Ақ бұлақ” коммерциялық кәсіпорнының директоры Ермек Ташмақанов.
Станция екі бірдей ауылды – Горный және Жам-был елді мекендерінің тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етеді. Айта кеткерлігі, осы сынды су стан-циясы Есіл ауданының 8 ауылында жұмыс істеуде.
Аманжол НҰРТАЗИН,
журналист.