“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыз-келіншектерді қатысуға шақырады.
Үміткерлердің жасы 18-30 арасында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға болады.
“Ауыл аруы” байқауының үшінші үміткері – Сандуғаш Қасымова. Ол – Есіл ауданы орталығының тұрғыны. Бала кезінен әнші болуды қалаған Сандуғаш мақсатына жету үшін М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде музыка пәнінің ұстазы мамандығы бойынша білім алып шығады. Қазіргі таңда Есіл аудандық Мәдениет үйінде музыка жетекшісі болып қызмет етіп жүр. 9 жасар Гүлнәз есімді қыз тәрбиелеп отырған Сандуғаш бүгіндері отбасын бір арнаға ұйытып отырған қадірлі ана, сүйікті жар.