«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҮЙРЕТУДЕ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалымен бірлесіп, ауыл тұрғындарын электронды форматта мемлекеттік қызметті алуға үйрету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бір апта ішінде Айыртау ауданындағы Казанка ауылдық округі әкімінің аппаратында, Аққайың ауданындағы Ивановка орта мектебінде, Қызылжар ауданының Вагулин  орта мектебінде, Жамбыл аудандық ауруханасында, Уәлиханов, Аққайың аудандық кітапханаларында, Тимирязев ауданындағы — «Алпаш» және Қызылжар ауданындағы  «Молсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде, т.б. мекемелерде оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Танымдық іс-шаралар барысында үш жүзге жуық ауыл тұрғындары «Электронды үкімет» веб-порталын пайдалануды және электронды қызмет алуды үйренді, қызмет беруші мен алушының құқықтарымен және міндеттерімен, алған мемлекеттік қызметтің сапасын бағалайтын қосымшамен танысты. Сондай-ақ, бір апта ішінде 82 адам электронды цифрлық қолтаңба алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp