Шағын ауыл, мектебі де шағын-ақ,
Отырмын мен ауылыма жыр арнап,
Жүрген жерде Үлгіменен бір қатар,
Айтуар да жүреді бірге жыр қалап.
Осы жерде жаздым тұңғыш өлеңді,
Көп уақыт тосқан еңбек төленді,
Кетермін алыс жерге, қалаға,
Тартар бірақ бір магнит мені осы далаға.
Әлі шығар атағым, атым қалар
Бәйгені талай жеңіп өлең алар,
Бірақ менің балауса кезеңімді,
Осы ауылда қалған шақты кім қайтарар?
Сағынышпен жазылар талай өлең
Қай жақ, шіркін, дер сонда талай өрен,
Осы екі ауыл мені ылғи сағынтатын,
Қасиетті өзіне табынтатын.
Кешір елім, аяқ басқан аяулы жерім
Сіңсе ғой енді саған маңдай терім,
Өлеңім емес, жанымды бірге бермек,
Өтеймін туған ел еңбегіңді.
Өзімді елім үшін аямаспын,
Сертімнен осы айтқан тая алмаспын,
Жастықпен келеді аздап еркелегім,
Еркелеттің, аздап мен де еркеледім.
Түсінемін, сеніміңді қиын ақтау
Бастысы адамдықты соны сатпау,
Жүк берсең ауырсынбай оны арқалау,
Жүрегімнің жылуын сендерге арнау.