Қызылжар өңірінде жедел респираторлық вирустық аурулар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық маусым биыл қазан айынан мамырға дейін созылады, деп отыр санитарлық дәрігерлер.
Биыл тұмаудың А(H1N1), А (H3N2) және В түрлері тарайтын көрінеді. Маусымдық дерттің алдын алу үшін Ресейден 60 мың доза «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынған. Жиі ауырып қалатын балаларға, созылмалы дерттерге шалдыққан тұрғындарға, медициналық қызметкерлерге вакцина тегін егіледі. Мамандардың айтуларынша, тұмаудан вакцинаның көмегімен сақтанғысы келген басқа азаматтар кез-келген емханада ақылы түрде екпе жасата алады. Қазіргі күні облыс бойынша 5 мыңнан астам адам егілген екен.Былтыр зертханалық тексерулер нәтижесінде 201 тұрғынның тұмаумен ауырғаны анықталған.