«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫРҒАНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕ ӨСТІ

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны екі есе өсті, тек өткен тәулікте өңірде жаңадан 110 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облыста коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Сырқаттанғандар саны өсіп келеді.

«Соңғы аптада КВИ жұқтыру 408-ден 684 жағдайға дейін 2 есе өсті және одан әрі артып келеді. Ең көп өсім Петропавлда – 105 жағдай тіркелген. Бұл – 1,5 есе көп. Тайынша ауданында 3 есе өсіп, 50 жағдай, Қызылжар ауданында 1,6 есе өсіп, 22 жағдай тіркелді. Сырқаттанғандардың 89 %-ы дәрігерге ауырып көрінген. Сондай-ақ ауырғандардың жасы өзгерді, қазіргі уақытта сырқаттанғандардың 57 %-ы – 40 жастан кіші, бұрын бұл көрсеткіш 40 %-дан аспайтын», – дейді Әсет Жұматаев.

Өткен тәулікте облыста коронавирусты жұқтырудың 110 жағдайы тіркелді. 102 адамда ауру белгілері болған. Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары – 46 адам. Екінші орында туристік аймақ – Айыртау ауданында 14 адам және Тайыншада 12 адам тіркелген.

Жалпы облыста осы уақытқа дейін КВИ жұқтырудың 16 613 жағдайы анықталды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp