Облыста 2012 жылы жасалған ауыр қылмыс ашылды. 51 жастағы петропавлдықтың із-түзсіз жоғалғандығы жөніндегі ақпарат қалалық полиция бөліміне 2013 жылдың басында түскен болатын. Осы уақыт аралығында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың қаңтар айында қаладағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен жоғалған адам сүйегінің қалдықтары табылған. Оның өліміне қатысы болуы мүмкін күдікті қамауға алынып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp