Кегін қуған көрінен түрегелер.
* * *
Арлан қасқыр апанға тығылмас.
* * *
Бітпес іс бар, бітпес күш жоқ.
* * *
Сөзуарлық жұрттың алар мазасын,
Тойымсыздық іштің берер жазасын.
* * *
Қылыш жарасынан оңаларсың,
Өсектің жарасынан домаларсың.
* * *
Өзің адал болғанда
Қаймықпассың ханнан да.
* * *
Ауылыңның атын ұмытсаң да,
Салтын ұмытпа.
* * *
Досың жәбірлесе, жылай біл,
Жауың жәбірлесе, шыдай біл.
* * *
Көрсетсе ерлік баласы,
Бір жасап қалар анасы.
* * *
Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.
* * *
Досың мың болса – аз,
Дұшпаның біреу болса – көп.
(“Әлем халықтарының мақал-мәтелдері” кітабынан).