Ахметжан Қалижанұлы Қазымбетов – қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан спортшы. 1935 жылғы 10 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысының, Аққайың ауданындағы Ұялы ауылында дүниеге келген. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ, одақтық деңгейдегі біріншіліктер мен турнирлерде жүлдеге ілінген балуан.
Ахметжан Қалижанұлы республикалық “Қайрат” ерікті спорт қоғамын басқарды. ҚСРО-ның құрметті спорт шебері, Қазақстан КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы атанған азаматты замандастары асқан намысшыл, ұлтшыл, әділетсүйгіш адам ретінде таниды.
Ахметжан Қазымбетов Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқып жүрген кезінде Александр Самсонов пен Петр Матущак сияқты білікті бапкерлердің қарамағында самбоның қыр-сырын меңгерген. Бұдан бөлек, еркін және қазақ күресімен де айналысқан.