«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АХУАЛ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасына сәйкес өңір басшысы Ерік Сұлтановтың басшылығымен облыста баға және тарифтің өсуін тұрақтандыру жөніндегі жедел штаб құрылды. Осындай штабтар Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында жұмыс істей бастады.

21 тамыз күні облыс әкімі бағаны, әсіресе, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары мен қызметтер бағасын негізсіз өсірмеу бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларымен жедел кеңес өткізді.  

Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар облыстың барлық сауда орындарында тұрақты мониторинг, сондай-ақ, ірі сауда орталықтары басшыларымен және жабдықтаушылармен түсіндіру жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын тұрақтандыру үшін апта сайын облыс орталығындағы 5 базарда сенбілік жәрмеңкелер ұйымдастыру жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ақпаратына сәйкес облыстағы барлық ақша айырбастау пункттерінде валютаның қоры жеткілікті.

Жалпы алғанда, азық-түлік тауарлары мен қызметтер бағасының негізсіз қымбаттау мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp