Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрамы мен Петропавл қаласындағы әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасында дін саласын үйлестіру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдерімен кездесті. Астана қаласынан келген делегация құрамында дінтанушылар, теологтер болды.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бас сарапшысы Бауыржан Шериязданов еліміздегі діни ахуал және осы саладағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жайында әңгімеледі. Оның айтуынша, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың арқасында діни ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда. Қазіргі таңда елімізде 33 мемлекеттен келген 514 миссионер ресми тіркеуден өтіп, ілімдерін таратып жүрсе, жергілікті діни сала өкілдері әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелерде радикалдық ағымдардың жолын кесу үшін кешенді жұмыстар жүргізуде.
Меруерт МАҚАШЕВА,
облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент
баспасөз қызметінің басшысы.