«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШУ — ДҰШПАН

Күніне сан түрлі сынаққа кез келетін дөңгеленген өмірде ашуланбайтын адам жоқ. Бірақ дуалы ауыз “Ашу – дұшпан” деп тегін айтпаған болар. Сондықтан да қандай жағдай болсын, сабаңызға тез түсу үшін өз сезіміңізді тізгіндей біліңіз. Ол үшін біз төмендегідей бірнеше кеңес ұсынамыз.

* Бір стақан суық су, мұз, балмұздақ… Кез келген суық тағамды жеп, бетіңізге суық басып, салқын суды ішсеңіз, денеңіз сергіп, ашуыңыз басылады. Мұның себебі мынада екен: ашуланғанда дене температурасы көтеріледі, ал салқын су оны баса алады.

* Тыныштала алмайтындай қатты ашулансаңыз, тез жүріп, тіпті, жүгіріңіз. Ойша ашуыңыз артыңыздан үлгермей, артта қалды деп елестетіңіз. Ызаланған жерде кез келген ұсақ-түйек есіңізге сол сезімді оралтады, сондықтан мұндай сәттері, басқа жерге, көшеге, саябаққа шығып, жүріп келіңіз.

* Қарапайым жаттығулар жасасаңыз (отырып-тұру, пресс жаттығулары), ашу бойыңыздан кетіп жатқанын сезініңіз.

* “Сабыр түбі сары алтын” деген сөзді қағазға жазып, көз алдыңызға іліп қойыңыз. Ашу қысқан кезде оны оқып, іштей онға дейін санап, өмірдегі жақсы кездерді еске алсаңыз, көңіл-күйіңіз бірден көтеріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp