«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚТЫҚ – ТИІМДІЛІК КЕПІЛІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өңір, қала басшылығы, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары және депутаттар азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген 190 адамның 30-ы өңір басшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болды.

“Ашық есік күніне” келген қызылжарлықтар негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен баспана мәселелерiн көтерді. Қала тұрғыны Наталья Першина көршілерінің қыс бойы қар шығармайтынын айтып шағымданды. Зейнеткердің айтуынша, Копай шағынауданында орналасқан үйінің жанындағы «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен автотұрақ қар шығару жұмыстарын жүргізбейтін көрінеді. Нәтижесінде көшенің бойында үйілген қар көктемде еріген кезде қарияның ауласына жиналады екен. Бұл – жыл сайын қайталанатын жағдай. Сондай-ақ, Наталья Першина аталмыш ауданда ескі үйлерді сүру жұмыстарының қашан басталатынын сұрады. Облыс әкімі көшелер бойындағы қар міндетті түрде қала сыртына шығарылатынын айтты. Бүгінгі таңда үйлерді сүру, коммуникациялық желілерді тартуға қажетті қаражат есептеліп, атқарылатын жұмыстардың жобасы жасалуда. Ал алдағы жылы үйлерді сүру жұмыстары басталмақ.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp