«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АШЫҚ АСПАН” 60 бүлдіршінді шаттыққа бөледі

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласында “Ашық аспан” бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов бүгінгі күні Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының басым бағыттарының бірі білім саласын дамытуда балабақшалардың рөлі зор екендігін айтып, жаңа нысанның лентасын қиды.

“Ашық аспан” бөбекжай-балабақшасы 60 балғынның мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына жол ашып отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған балабақшаның жеті филиалында бүгінде 300-ден астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жекеменшік білім беру мекемесінің директоры Нина Мацкевич балабақшаның “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдалануға берілгендігін тілге тиек етті. Аталмыш бағдарлама облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру нысандары санының артуына зор септігін тигізуде. Жаңа балабақша 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Балабақша ұжымында 6 тәрбиешi, 3 көмекші жұмыс iстеуде. Бала тәрбиесiмен айналысу оңай шаруа емес. Әрқайсысы бiр-бiр үйдiң еркесi. Олардың тiлiн тауып, бабын жасауда тәрбиешiлерге үлкен жауапкершiлiк жүктеледi. Бүлдiршiндерiмiз үшiн барлық жағдайды жасауға тырысудамыз. Материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген балабақшада балғындар қазақ, орыс ағылшын тілдерінде тәрбиеленеді”, – деді Нина Мацкевич.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp