«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ

Халықаралық азаматтық қорғау күніне орай Петропавл қаласындағы 5-ші өрт сөндіру бөлімінде № 24 орта мектеп оқушыларының қатысуымен “Ашық есік” күні өткізілді.

Өрт сөндіру бекетінің тарихымен танысудан басталған экскурсия өрт сөндіру техникасы мен өрт-техникалық жабдықтарды тамашалаумен жалғасын тапты. Өрт сөндіруші Бауржан Жаулетбаев балаларды өрт сөндіру техникасымен таныстырып, өрт сөндіруші Камиль Мансуров өрт сөндірушінің киімін дұрыс және тез арада киюді көрсетті. Осы күнге орай оқушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көруге және өрт сөндіру техникасын жүргізуге рұқсат етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp