«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АШЫҚ ӘКІМДІККЕ» 130-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫН КЕЛДІ

Кеше Петропавлда «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау шарасы өттi.

Погодин атындағы драма театрының фойесінде ұйымдастырылған қабылдауға 135 адам келдi. Бұл шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен оның орынбасарлары, Петропавлдың әкімі Марат Тасмағанбетов, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, коммуналдық қызметтер мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Азаматтар негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, елді мекендерді сумен қамту, абаттандыру, баспана, саяжай мәселелерiн көтерді.

Ашық қабылдауға ұсыныспен келгендер де болды. Жергiлiктi бір компанияның өкiлдерi энергияны үнемдеуге септігін тигізетін бу тамшылары технологиясын құрылыс саласында қолдануды ұсынды.Инновациялық идеяға өңiр басшысы қолдау білдірді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp