Қарашаның аязды күндері басталысымен Петропавлдағы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған түнеу орны өз жұмысын қайта жандандырды.
Түнеу орны ашылғалы бұл жерге ондаған адам келген. Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы қабылдау-тарату орнының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында оларды құдықтардың ішінен, құбырлардың астынан тауып, осы жерге алып келеді. Мұнда кешкілік және түнгі уақытта полицейлер ғана емес, медицина қызметкерлерінің болуы да қарастырылған.
Полиция мен жергілікті атқарушы билік жүзеге асырып отырған бұл әлеуметтік жоба қоғам тарапынан қолдауға ие. Қала әкімі Марат Тасмағанбетов түнеу орнының жылыту жүйесіне қаражат бөлу мәселесін шешкендіктен, бүгінде ғимараттың іші құрғақ әрі жылы.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.