«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЗ АЯУШЫЛЫҚТЫ БІЛМЕЙДІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент «112» нөмірі арқылы ұялы телефонмен дауылды-боранды ауа райы туралы ескерту алғанда азаматтардың елді мекендерден жолға шықпауы қажеттігін ескертеді.

Мысалы, 2015 жылдың 12 қаңтарында солтүстікқазақстандықтардың баршасының ұялы телефондарына “112” нөмірі арқылы облыс аумағында қатты боран соғып, желдің күшейетіні туралы хабар берілгенді. Алайда, кейбір азаматтар мұны елемей жолға шығып, қиын жағдайға тап болды. Соның салдарынан 13 қаңтарда Шал ақын ауданы аумағында 175 адам қар құрсауында қалып, одан босатылды және 96 техника сүйреп шығарылды. Семиполка ауылына баратын бағыттағы қар қамауында қалған көліктегі жүкті әйел де құтқарылды.  

“ҚазАвтоЖол” АҚ-ның және СҚО ішкі істер департаментінің өзара келісімімен 13 қаңтар күнгі 15 сағат 15 минуттан бастап облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңыздағы барлық автокөлік жолдары жабылған болатын.

Соған қарамастан, облыс жолдарында төтенше жағдайлар орын алды. Атап айтқанда, Тимирязев, Аққайың, Айыртау, Ғ.Мүсірепов атындағы, Жамбыл және Қызылжар аудандарында 151 көлік қар құрсауында қалды. Бұларда 382 жолаушы болды. Әйтеуір, олардың бәрі де дін-аман.

Ауа райын болжаушылар таяу күндерде де жел күшейіп, қалың қар түсетінін, қатты аяз бен ызғырық болатынын ескертуде. Осы ретте жүргізушілердің жолға шықпауы жөн.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp