«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АЯЛА» ҚОРЫ МЕН “ҚАЗПОШТАНЫҢ” БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ

Халықаралық қайырымдылық күні қарсаңында “Қазпошта” АҚ қазақстандықтарға «АЯЛА» қорының қайырымдылық жобаларына қатысуға мүмкіндік ұсынып отыр. Енді Қазақстанның кез-келген өңіріндегі “Қазпоштаның” барлық бөлімшелері мен терминалдары балалардың денсаулығын қорғау, сәби өлімін және мүгедектігін азайту мақсатындағы бағдарламаларға, сондай-ақ, осы қордың әртүрлі білім беру жобаларына қайырымдылық жәрдемін қабылдайды.

«АЯЛА» – еліміздегі беделді қайырымдылық қоры. Бұл ұйым жұмыс істей бастағалы 12 жыл ішінде әлеуметтік мәселелерді шешуге ат салысып, балалардың өмірін сақтап қалуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырды. Осы қормен серіктес болу арқылы “Қазпоштаның” да қайырымдылық шараларына септігін тигізетіні көңілге қуаныш ұялатады. Біз қазақстандықтарды біреудің қиындығына немқұрайды қарамауға және “Қазпоштаның” кез-келген бөлімшесінде қайырымдылық жәрдем беру арқылы қордың жобаларына белсене қатысуға шақырамыз», – деді «Казпошта» АҚ маркетинг және PR департаментінің директоры Дилара Зарлыкова.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде елдің 60 қаласы мен елді мекенінде балалардың 242 денсаулық сақтау және білім беру мекемесіне көмек көрсетті. Қордың «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Менің де өмір сүргім келеді» жобаларының арқасында он мыңнан астам баланың өмірі сақталды. «4D – Қайырымды іс жасайық», «Кәсіптік бейімдеу», «Айрықша балаларға – айрықша назар» бағдарламаларының арқасында балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың мыңдаған тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімделуге көмек алды және пайдалы кәсіп пен дағдыны оқып-үйренді.
«Біздің қордың қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруға көрсеткен көмегі үшін “Қазпошта” басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Біз қайырымдылық жасау қазақстандықтар үшін қалыпты жағдайға айналуына тырысып жатырмыз. Қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты мақсаты – балаларға көмектесу. Сондықтан “Қазпошта” бөлімшелері мен терминалдары арқылы қазақстандықтар жинаған қаражат олардың өмірін сақтауға және өмір сапасын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмек көрсетуге жұмсалатын болады», – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Қазіргі уақытта қор балалар өлімі мен мүгедектігін азайту, балалар ауруханалары, перинаталдық орталықтар және балалар емханаларының дәрігерлерін оқытуға және біліктілігін арттыруға, жетімдер үйлеріне және мектеп-интернаттарға көмектесу, көру, есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуына және әлеуметтік бейімделуіне жәрдем беру секілді бағыттардағы бағдарламаларға қаражат жинайды.
Қордың қайырымдылық жобаларына “Қазпошта” арқылы қаражат аудару өте оңай. Кез-келген бөлімшенің операторына жүгініп, «АЯЛА» қорына қаражат аударғыңыз келетінін хабарласаңыз болғаны. “Қазпоштаның” терминалдарында «Өзге төлемдер» терезесін таңдап, «Қорлар» терезесіне өтуге, «АЯЛА»-ны таңдауға және ақша салуға болады.
«АЯЛА» қоры тұрақты, айқын және жария жұмыс істейді. Оның сайтында ұйымның 2007 жылдан 2018 жылға дейінгі қызметінің есептері жарияланған. Барлық қаражат әлеуметтік және қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға ғана пайдаланылады.


  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp