«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЛДАМАНЫҢ АЙЫБЫ НЕ?


 

Осы күндері бұзақылар аялдама сындыруды әдетке айналдырған тәрізді. Жақында “Жастар” стадионының маңындағы аялдама әйнегінің шашылып жатқанын көріп, жаным ауырды. 

Қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамаларды салу үшін көп қаражат жұмсалады. Мемлекет қаржысына жаны ашымайтын бұзақыларды тезге сала алмай келеміз. Біреу сындыруға асық, біреу жөндеумен әлек. Бір тепсең, шытырлай сынатын шыны аялдаманы одан әлдеқайда берігіне ауыстырса жөн болмас па екен? Осылай еткенде ғана кей адамдардың бейәдеп қылықтары тыйылар ма еді? 

Іңкәр ЖҮСІПОВА,
зейнеткер.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp