«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЛДАМАНЫ СЫНДЫРҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыс орталығындағы Жамбыл көшесінің бойында, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жанында орналасқан аялдаманың шынысын сындырған төрт жасөспірім ұсталды. Олардың бұзақылығын сол жерден өтіп бара жатқан қала тұрғыны көріп, жан-жаққа қаша жөнелген жасөспірімдердің біреуін ұстап үлгереді. Сосын тәртіп сақшыларын шақырған.

1-ші қалалық бөлімнің қызметкерлері өзге жасөспірімдерді де анықтап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабы “Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Аталмыш жасөспірімдердің үшеуі қалалық ювеналдық полицияның есебінде тұр. Олар аялдама шынысын байқаусызда сындырып алдық деп ақталғанымен, ата-аналары келтірілген шығынды өтеулері тиіс. Жалпы құны 600 мың теңгеден асатын аялдама өткен жылы орнатылған болатын. Ал тәртіп бұзған жасөспірімді ұстаған қала тұрғынын полицейлер белсенді өмірлік ұстанымы үшін марапаттамақ.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp