«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯУЛЫЛАРҒА – МЫҢ АЛҒЫС

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында көпбалалы, сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен ардагер аналар сый-құрметке бөленді.

Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Бердағұлов нәзік жандарды мерекелерімен құттықтап, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы жандарға гүлшоғын және сыйлықтар үлестірді.  

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында ықыласқа бөленген аналар атынан сөз алған облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева мен Кладбинка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Баранбаева көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp