
Облыс полицейлері “Шырша” жедел алдын алу шарасының аясында аулаларды аралап, рейдтік тексеріс жүргізу нәтижесінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескен екі адамды жауапкершілікке тартты.
Мамлют ауданының 40 жасар тұрғыны қалааралық жолдың бойындағы ағашты кессе, Қызылжар ауданында Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында үйіне шырша құрып, безендірмек болған адам Красноярский орман шаруашылығына қол салған. Енді олар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің “Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау” бабы бойынша сот алдында жауап береді. Қазіргі таңда келтірілген шығын сомасы анықталуда.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңсыз ағаш кескен адам, мемлекетке келтірілген шығын 100 АЕК құраса, 10, 20, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Жыл басынан бері ағаштарды, негізінен қайың мен теректі заңсыз кесудің 52 фактісі тіркелді. Заңсыз аң аулады деген күдікпен 15 адам ұсталып, заңсыз балық аулауға қатысты 11 факті тіркелді.