Петропавл қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагерлері атынан облысымыздың әкімі Ерік Хамзаұлы Сұлтанов пен қала әкімі Марат Иманбайұлы Тасмағанбетовке аға буын өкілдеріне көрсетіп отырған қамқорлығы және Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетумен көзге түсіп жүрген Қ.Е.Бишімов басқаратын Петропавл ауыр машина жасау зауыты, И.В.Горбуновтың “СК-Мясопродукт” ЖШС-і, “Зенченко және К” КС сүт кешенінің басшысы Г.А.Целых, банктер, “БЗЖҚ” АҚ және оқу орындарына да рахметтен басқа айтарымыз жоқ.
Көктемнің шуақты мерекесі – әз Наурыз қазақстандықтардың ең сүйікті мейрамдарының біріне айналды. Бұл күнгі салтанатты шаралардан елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін көру арқылы бір-бірімізді жақсырақ танып, жақындаса түскендейміз.
Барлығыңызға зор денсаулық, береке тілейміз! Ойға алған мақсаттарыңыз орындала берсін! Жер бетінен бейбітшілік пен келісім кетпесін! Жақсы сөз – жарым ырыс, аға буынның ақ тілегі бақ пен байлық әкелсін!
Соғыс және еңбек ардагерлері: Степан Башкиров, Петр Гладков, Зәйіт Қаскеев, Людмила Холявкина,Лидия Макеева.