«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒА БУЫНҒА РАҚМЕТ

Елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауға аға буын­ның қосып отырған үлесі зор. Ал олардың көрегенді­лігі мен парасаттылығы­ның арқасында орнаған та­ту­лықты нығайту – біздің еншімізде. Қазақстан хал­қы Ассамблеясындағы эт­но­мә­­дени бірлестіктердің жанынан жастар қанаты­ның құрылуы ұрпақ сабақ­тас­тығын сақтауға мүм­кін­дік береді. Бүгінгі таңда Достық үйіндегі 20 этно­мәдени бірлестіктің жас­тары өз орталығының ғана емес, жалпы Ассамблея­ның қоғамдық жұмысына бел­сене қатысады.

Қазақстан ХХІ ғасырдың үшін­ші онжылдығында әлемнің 30 да­мыған елінің қатарына енуге ба­тыл қадам жасады. Бізге аға ұр­пақтың істерін жал­ғастыра оты­рып, бәсекеге қа­білеттілікті арт­тыру, Қазақстан­ды әлем мойын­дайтын бірегей елге айналдыру міндеті жүк­тел­ді. Алдымызға қой­ған осы мақ­сатқа жетуде қоғам­дағы тұрақ­тылық аса маңызды.
Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның жастары ұрпақ сабақтас­тығы бірлік пен келісімді нығай­тудың қозғаушы күші екендігін ұғына отырып, қоғамның бар­лық салаларында белсенділік таны­туда. Біз өңірдегі жоғары оқу ор­ны­мен, ғылым және мә­дениет ор­талықтарымен бай­ланыс орна­тып, ғылым және зерт­теу сала­ларына үлес қо­суға, қайы­рым­дылық жұмыста­рына қатысуға, кәсіпкерлік не­гіздерін игеруге мүмкіндік ал­дық. Сондай-ақ, Ас­самблеяның “Ұлы дала елінің киелі мұрасы” тарихи-эколо­гиялық акциясы аясында өңіріміздің мәдени жә­не рухани орында­рында бол­дық.
Қазақстан халқы Ассам­блея­сының жастарға арналған тағы­лымды бастамаларының бірі – “Қазақтану” жобасы. Бұл жо­ба­ның негізгі мақсаты еліміздегі этностардың арасында қазақ хал­қының тарихын, дәстүрле­рін, гу­манитарлық және адам­гершілік қағидаттарын дәріп­теуге бағыт­талған. Үлкен өмірге енді ғана қа­дам басқан жас­тарды болашақ­пен ғана қызық­тырмай, өткені­мізді де таныс­тырып отыру қа­жет. Әсіресе, қа­зақ халқының та­рихын, дәс­түрін танығаны жөн. Еліміздің тарихын таныған ұрпақ, қалай көпэтносты мемлекетке ай­налғанымызды, қандай қиын ке­зеңдерді бастан өткергенімізді біледі. Ортақ Отанымыз – Қа­зақстандағы ауызбіршілікті сақ­тауда мұның мәні зор.

Саян ЕРМЕК,
“Ur­paq” қазақ мә­дени-ағарту орта­лығы” қоғамдық бірлестігі жанындағы жастар қанатының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp