Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы Теңдік ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полицияның аға лейтенанты Талғат Бейсенбаевты адам өміріне араша түскені үшін марапаттауды ұйғарды.
Ол түнде өзіне бекітілген аумақта кезекшілік атқарып жүріп, Бірлік ауылының маңында, жолдың жиегінде есігі ашық, кілті қосулы тұрған “Москвичті” көзі шалады. Алайда, көлік иесі көрінбейді. Бақса, Бірлік ауылында тұратын 56 жастағы Арғын Жетпісбаев жол үстінде жүрегі қысып, ауруханаға жетпек болады. Бірақ көлігі от алмай, тайғанақтап барып, көпірдің астына түсіп кетеді.
Одан шыққан азамат үйіне қайтсе де жетпек болып, әлектеніп жүргенінде мұздай суға белуарынан құлап түседі. Амалсыздан айғайлап дауыс шығарады.
Оның жан даусын естіген аға лейтенант көп ойланып тұрмастан, егде кісіні батып бара жатқан кезінде мұздай судан алып шығып, Тайынша аудандық орталық ауруханаға жеткізіп, аман алып қалған.
Өміріне араша түскен тәртіп сақшысына алғысын арнаған А. Жетпісбаев аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығынан өзін құтқарушыны марапаттауды өтінді.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.