«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақжарлықтар алда

Өңірімізде көктемгі егіс қыза түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 26 мамыр күнгі деректеріне сүйенсек, 2963,1 мың гектар егіс алқабының 1861,2 мың гектарына бидай сіңіріліп, белгіленген меженің 62,8 пайызы орындалған. Майлы дақылдарға арналған 712,2 гектар алқаптың 463,2 мың гектарында себу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған картоптың 94,1 пайызы отырғызылды. Ал қызылша егістігінде жарты алқап әлі бос тұр. Диқандардың жұмысы әлі жетерлік. Көпжылдық және біржылдық шөп егу сәйкесінше, 33,2 немесе 16,6 пайызға орындалған.

Көктемгі егіс жұмыстарының көшбасында ақжарлықтар алда келеді. Олар жоспарлы 192,6 мың гектар бидай алқабының 85,8 пайызына дән септі. Ал майлы дақылдар мен картоп егу жұмыстарын аяқтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp