«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚИЫҚ СҰҢҚАРЛАРЫМ, ТҰЛПАРЛАРЫМ

Сәкенім, Ілиясым, Бейімбетім,
Сендерсіз өзге түгіл дала жетім,
Аямай жерге қалай көмді екен,
Қазағым жұлып алған жүрек етін.
 
Ақиық сұңқарларым, тұлпарларым,
Ойымды осылайша тұспалдадым,
Тарихтың бетінде тұр қара дақ боп,
Жазықсыз жерге тамған пәк қандарың.
 
Сондықтан далам болып күңіренем,
Сондықтан балаңмын мен еңіреген,
Бетімді сипай соққан ақ самалға,
Сендерді жырлаймын деп күбірлегем. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp