Ертең Астанадағы Назарбаев университетінің өкілдері Петропавлдағы №8 орта мектеп ғимаратында оқушылар, студенттер, ата-аналармен ақпараттық кездесу өткізгелі отыр.
Еліміздегі ең беделді жоғары оқу орнының профессорлары күні бойы 8 факультеттегі оқу бағдарламалары, даярлық және тіл курстары туралы жан-жақты мәлімет бермекші. Мұндай кездесулер жыл сайынғы дәстүрге айналуда.