«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың жетекшілігімен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында экстремизм мен лаңкестік жайлы әңгіме болды.

Күн тәртібінде Петропавл қалалық ақпараттық-насихат тобының жұмысы қорытындыланып, Петропавл және Булаев епархиясының өңірдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бағытында “Христиан-баптистер шіркеуі” жергілікті діни бірлестігінің атқарған жұмыстары сараланды.

Деструктивті діни ұйымдардың әсеріне қоғамның осал топтары тез еліктегіш келеді. Осы мәселенің алдын алуда ақпараттық-насихат тобының атқарар қызметі елеулі. Олар облыс орталығында мектеп оқушыларымен, жоғары оқу орнының, колледждердің студенттерімен, сондай-ақ, жұмыссыз жүрген жастармен кездесулер өткізген. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Елена Балло кейбір кәсіпорындардың мұндай кездесулерді өткізуге ынта-ықылас білдіре қоймайтындығын тілге тиек етті. Кездесу барысында ортақ қызығушылықтары бар жастардың кішігірім тобымен насихат жұмыстарын жүргізудің әлдеқайда тиімді екендігі айтылды. Әлеуметтік желілерде де ақпараттық кеңістікті қамту мәселесі көтерілді. Кеңесті қорытындылаған Анархан Дүйсенова бірқатар тапсырмалар берді.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp