«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ ТУР

Өңірімізде Түмен облысы туристік агенттіктерінің өкілдері үшін ақпараттық тур өтуде. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырған шараға 14 туроператор қатысуда.

Басқарманың бас маманы Айя Касьянованың айтуынша, екікүндік шара ішкі туризмді дамыту мақсатында қолға алынған. Турдың алғашқы күні түмендік туроператорлар облысымыздың жауһары саналатын Имантау-Шалқар курорттық аймағында болған. Қонақтарға өңіріміздің киелі жерлері картасына енген «Айғаным» қонысы мен Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенін аралау мүмкіндігі берілген. Сондай-ақ, олар көл жағасындағы «Солнечное ВИП», «Изумрудное» сияқты демалыс орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, туристерге қолайлы қызмет көрсету мәселесі талқыланған шараларға қатысқан. Ал бүгін туроператорлар Петропавл қаласындағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенін, ботаникалық бақты және “Нептун” аквапаркін аралауда. Бұл туралы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp