«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚТӨБЕЛІКТІҢ АЛҒЫСЫ

Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақыры­мын­­да патрульдік полиция батальоны командирінің орынба­сары Уә­лихан Оразалин мен бірінші взвод командирінің мінде­тін атқа­рушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұр­ған жүк көлігін байқайды. Бұл Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Ис­магуловтың 20 тонна кебек тиелген көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.

Комбаттың орынбасары қыз­мет көрсететін экипажды шақы­рып, қыз­мет инспекторлары На­ра­сан Әлім­жанов пен Ернар Мұ­қа­нов көмекке келді. Жүргізуші мен полицейлер кө­лікті бір сағат­тан аса уақыт бір­ле­се жөндеді. “Олар басынан ая­ғы­на дейін бірге болып, маған кө­мектесті, – деп есі­не алды Юрий Ис­магулов. – Шы­ны керек, төрт офи­цердің маған кө­мектесіп, “қара жұмыспен” айна­лысып жатқанда­ры­на өзім ыңғай­сызданып едім олар: “Біздің жұ­мы­сымыз – жолда­ғы тәртіп. Сен орныңнан қозғал­ма­йынша, біз ешқайда кетпейміз”, – деді. Мен 2000 жылдан көлік тізгін­деп келе­мін, жол үстінде көпті көр­дім, бірақ бүгінгі күнге дейін мынандай жа­ңашылықты кездес­тір­меппін. Бұ­лар сенуге болатын нағыз аза­мат­тар екен”…

Біршама уақыт өткен соң жол­да келе жатқан ауыр жүк көлігінің жүр­гізушісі патрульдік полицей­лерге хабарласқан. Полицейлер­ге разы болған жүргізуші алғысын жау­ды­рып: “Ақтөбеде болсаңыз­дар, есі­гім әрдайым ашық, менің нөмірімді білесіздер, қонаққа келіңіздер…”, – деген екен.

– Жолаушының қауіптен аман бо­л­уы – біз үшін басты алғыс. Ал­ғыс сөздері қуаныш сыйлап, қыз­мет­тің қиын сәттерінде төзімді болуға көмектеседі. Облысымыз­да жүргізушілер де көмек көрсетіп тұ­рады, полицейлердің тұрғанын көр­се де, өтіп кетпей көмектерін ұсы­нып жатады. Бұл қуантады, себебі, жол қозғалысы қатысушы­ла­рының бір-біріне құрмет көрсе­туі – жолда­ғы тәртіптің маңызды шарттары­ның бірі, – дейді Уәли­хан Ораза­лин.

Жақсыбай САМРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp