«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚША АЛЫП ЖАТҚАНДА департамент басшысы ұсталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Мемлекеттік мекеменің басшысына бір топ адамдармен бірге мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға беру, тәркіленген мүлікті заңсыз сату, тексерістер бойынша оң шешімдер шығару, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

Үстіміздегі жылдың 9 шілдесінде жедел іздестіру шараларын өткізу барысында қызметтік кабинетінде ақша алып жатқан кезінде облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің және заң бөлімінің басшылары ұсталған.

11 шілде күні аталмыш департамент басшысы Петр Дмитриенко соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp