Петропавлда «Magnum» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған екеу алдағы жеті жылын түзету мекемесінде өткізеді.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, айыптау үкiмi алқабилердің қатысуымен шығарылды. Петропавл қалалық сотының үкімі заңды күшіне енді.
Облыс орталығының екі тұрғыны «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді әлеуметтік желілерде жариялап, сауда желілерінің иелерінен ақша бопсалады деп айыпталды.
Олар ұялы телефондарға меншік иелерінің мүдделеріне зиян келтіру мақсатында ақпарат жинаған. Кейін оны «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Youtube» арнасында жариялап отырған.
Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».