«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚШ-ТАН ҚОЛА МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен “Спешиал Олимпикс – 2015” жазғы ойындарынан жүлдемен оралды.

Американың бірінші ханшайымы Мишель Обама ашқан сайысқа әлемнің 177 елінен 7000 спортшы қатысып, спорттың 25 түрі бойынша сайысқа түсті.  

Облыстық “Спешиал Олимпикс” ойындары директорының міндетін атқарушы Николай Соколовтың айтуынша, дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғаған жерлестеріміз 13 ойын өткізіп, оның барлығын да жеңіспен аяқтаған.

– Біз Үндістан, Коста-Рика, Жапония, Америка, Уругвай және тағы да басқа елдермен сынға түсіп, жалпы 13 кездесу өткіздік. Нәтижесінде қола медальға ие болдық, – деді ол.

Бұл Олимпиадада қазақстандық 95 спортшы спорттың 15 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 15 алтын, 26 күміс және 15 қола медальді еншіледі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp