Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин АҚШ-тың Атланта қаласында жүзуден өтіп жатқан ашық чемпионатта жеңіске жетті.
Бүгінде даңқты бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығатын қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен жүзуде озып шықты. Баландин бұл қашықтықты 59,36 секундта жүзіп өткен. Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:09.71 уақыт көрсеткішімен жарыс жолын аяқтап, күміс медаль иеленді. Бұл бәсекеде отандасымыз тек АҚШ-тың атақты спортшысы Коди Миллерге ғана есе жіберді.