«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА” ЖӘНЕ …

Петропавл қаласының Мир және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында тағы бір “Ақылды аялдама” орнатылды.

Мұндай аялдаманың алғашқысы жыл басында вокзалда қойылған болатын. Әлеуметтік жобаның авторы – “Эко-Север” компаниясы. Павильон заманауи дизайнмен жасалып, қала көшелеріне көрік беріп қана қоймай, халықтың қажеттілігіне ыңғайлы етіп жасалған. Компанияның атқарушы директоры Бауыржан Қалықовтың айтуына қарағанда, нысан аптап ыстықта кондиционер арқылы салқындатылады. Ал орындықтары ауа райына қарай жылытылатын болады.  

Елімізде теңдесі жоқ нысанның құны – 9 миллион теңге. Павильон ішінде жолаушылар коммуналдық төлемдерін өтеп, сымсыз WI-FI интернет желісін де пайдалана алады. Автобустар мен шағынавтобустардың қозғалысы экран арқылы беріліп тұрады. “Ақылды аялдаманың” қоқыс жәшіктері де өзгеше. Онда қалдықтар әйнек, қағаз, пластик, металл деген сияқты бөлек-бөлек салынады.

 

… ЖАҢАРТЫЛҒАН

ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРЛЕРІ

ОРНАТЫЛДЫ

“Эко-Север” компаниясы қалалық әкімдіктің қолдауымен тағы бір тың жобаны қолға алды. Компания Петропавлдағы Хименко көшесінің 1-3-ші үйінің ауласына қоқыс жинайтын контейнерлердің жаңа түрін қойды.

Енді бұл үйдің тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, арнайы контейнерлерге салатын болады. Тұрғындарды ынталандыру мақсатында қоқыстың коммуналдық төлемі әдеттегіден 15 теңгеге арзандатылды. Бұл контейнерлерге жиналған қоқыс тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауытқа жөнелтіледі.

Алдағы уақытта мұндай контейнерлер облыс орталығының 19-шы және 20-шы шағынаудандарында да орнатылмақ.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp