«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АҚЫЛДЫ» КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫ ереже бұзушыларды анықтайды

Жыл басынан бері Петропавлдағы көше қиылыстарында техникалық бақылау-өлшеу құрылғылары автоматтандырылған режімде 1251 құқық бұзушылықты тіркеді. “Ақылды” көше қиылыстары туралы ескертілгенімен, кейбір жүргізушілер жол белгілері мен таңбаларын елемейді. Олардың қатарында бір айдың ішінде бірнеше рет назарға іліккен жүргізушілер де бар. Нұр-Сұлтан қаласынан келген 42 жастағы ер адам бірден үш ереже бұзушылық үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Ол Абай мен Назарбаев көшелерінің қиылысында 10 минут ішінде екі рет жол ережесін бұзған.

Ресейлік есепте тұрған көлікті мінген басқа жүргізуші де дәл осы қиылыста екі рет заң бұзушылыққа жол берген. Айта кетейік, «ақылды» камералар былтырғы жылдың соңынан бастап шетелдік есепте тұрған көліктер жасайтын заң бұзушылықтарды тіркей бастады.
Тоқтау сызығынан өтіп кеткендерге Әкімшілік кодекстің 601-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. «Бұл бап бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал осы заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жүргізуші 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ, хабарлама алған сәттен бастап 7 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге болатынын естеріңізге саламыз», – дейді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp