Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.
«Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайды. Яғни, ауырып жүргендерді немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», – деді комитет төрайымы.
Оның атап өтуінше, ҚР ДСМ коронавирусты анықтау үшін әлеуметтік жағынан әлжуаз топқа кіретін пациенттерді тестілеуден өткізіледі. Оларға ең алдымен дәрігерлердің есебінде тұрған тыныс алу органдарында созылмалы аурулары бар адамдар, вирус жұқтыру тәуекелі тобына кіретіндер, қарттар және 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Дегенмен, бұл санаттағы адамдардың нақты қайсысы тесттен өтетіндігі қазіргі уақытта нақтыланып жатыр.
«Олимп» жекеменшік зертханасы мұндай тестілеуді ақылы түрде де өткізетіні белгілі болды. «Ал біз тестті полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы әдісімен нақты ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға тегін жүргіземіз», – деді Л.Бюрабекова.
https://www.inform.kz