С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада дарынды ақын, драматург, аудармашы, жерлесіміз Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай «Талант пен тағдыр» атты кеш өтті. Оқырмандарды Ерік Асқаровтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатын көздейтін шарада ардагер журналист Шашубай Малдыбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Əкімжанов, Ерік Асқаров атындағы жас ақындар орталығының жетекшісі Жарқын Жұпархан, қаламгердің туыстарының атынан Жұмабике Қалиева жəне жездесі Зейнолла Олжабаев, зайыбы Несіпжан Медиқызы сөз алды.

