С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға “Абай Құнанбаев” атты жаңа он томдық жинақ түсті. Үш тілде жарық көрген жинақ онлайн режімде оқырмандарға таныстырылды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқырмандар назарына ұсынылған жинаққа ұлы ақын туралы қазақ, орыс тілдерінде жазылған мақалалар мен ұлы ойшылдың шығармалары енген. Сондай-ақ, ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылған ақынның еңбектері де бар. Аталмыш жинаққа жерлес жазушы Сәбит Мұқановтың ұлы ақынның 100 жылдығына орай жазған ғылыми еңбегі де енгізілген. Абай туралы Американың зерттеуші ғалымы Томас Виннердің де мақаласы осы жинақта жарияланған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай құнды еңбек Абай Құнанбайұлын әлемдік деңгейде танытуға ықпал етпек. Жаңа кітаптың таныстырылымында оқырмандар он томдық жинаққа қызығушылық білдіріп, түрлі сауалдар жолдады.
Елена СКАКУНОВА,
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың іс-шаралар ұйымдастырушысы.