«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫННЫҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Шал ақын ауданындағы Кеңес орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Кешті мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Нәзира Сыздықова ұйымдастырды. Ақынның Отан, халық, туған жер, ана тілі тақырыбындағы өлеңдерін 5-8-сынып оқушылары жатқа оқыса, махаббат, адамгершілік тақырыбындағы жырларына 9-10-сынып оқушылары тоқталды. Аналар, арулар, асыл жарлар, ер-азамат тағдыры жайлы жырлары 11-сынып оқушыларының әңгімесіне арқау болды.  

Нәзира Боркенқызы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар “Әлі талай жыр болып жазыларсың” тақырыбындағы бейнефильмді тамашалады. Мектеп кітапханасында “Мұқағали әлемі – мәңгілік әлем” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Мұқағали Мақатаевқа арналған шара барысында оның өлеңдеріне шығарылған әндер шырқалды.

Мөлдір КЕНЖАЛИНА,

Кеңес орта мектебінің кітапханашысы.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp