Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.
Алдымен өңір басшысы «Ноғайбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында болды. Серіктестік басшысы Алтынбек Сапаровтың айтуынша, шаруашылық биыл 20 мың гектарға дәнді, 5,6 мың гектарға майлы дақыл еккен. Бидайдың әр гектарының орташа өнімділігі 21 центрді құрады. Майлы дақылдардың да көрсеткіші жақсы. Жаз бойы бел жазбай еңбектенген диқандар гектарына 10 центнерден өнім алған.
Шаруашылықта күзгі орақ жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта жерге минералды тыңайтқыштар сіңірілуде. Серіктестік агрономы Марат Ташметовтың айтуына қарағанда, бұл алқапқа көктемде бұршақты дақыл егілген. Шығым жақсы. Қазір алқапқа аммофос себіліп жатыр. Бұл кейін өнімділікті 2-3 центнерге арттырады деп күтілуде.
Облыс әкімі Булаево қаласында «Еңбек» бағдарламасы аясында ашылған типографияда, өндірісі жаңғыртылған «Пальчик» жеке кәсіпкерлігінің шұжық цехында, жөндеу жұмыстары жүргізілген «Қарақоға» шекаралық кеден бекетінде болды. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерден көшіп келетін азаматтарға арнап салынып жатқан баспаналардың сапасын тексерді. Жұмыс сапарының соңында аудан активімен кездесті.
Облыс әкімінің ауданға сапары жөнінде толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.