«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ – АЯЛДАМАЛАРДА

Бар ғұмырын қазақтың өсіп-өр­кендеуіне, рухани толысуына арнаған ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қаламызда тұрғындарды данышпан тұлғаның шығармашылығымен таныстыруды көздейтін көптеген шаруалар тындырылмақ. Солардың бірі ретінде жуырда Петропавл аялдамаларында арнайы QR коды бар тақырыптық стендтер пайда болды.

Бұл бастаманы Иван Шухов атындағы қалалық кітапхананың ұжымы қолға алған. Мекеме қызметкерлері шаһардағы бірнеше аялдамаға ақынның шығармаларымен танысуға мүмкіндік беретін штрихкодттары бар стендтерді ілді. Енді кез келген адам QR код арқылы гаджетіне Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін жүктеп, оқи алады. “Абай шығармалары кеңінен насихатталуы тиіс. Біздің кітапхана мамандары оған өз үлестерін қосуды мақсат тұтты. Аялдамаларда түрлі жастағы адамдар қоғамдық көлік күтіп тұрады ғой. Бұл олардың Абай мұрасымен танысуларына ықпал етеді. Біз стендті алғаш рет Абай көшесіндегі аялдамаға ілуді жөн санадық”, – дейді аға кітапханашы Татьяна Фомина.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp