
Петропавлдағы бизнес нысандарына 168 «POS-терминал» орнату жоспарланып отыр.
Бүгінде «POS-терминал» орнату қажет нысандардың тізімі жасалды. Олардың қатарында базар, шағын сауда үйлері, дүкендер, мейрамхана, дәмхана, қонақүйлер мен туристік фирмалар бар. Қолма-қол ақшасыз төлем терминалдары дәріханаларда, техникалық қызмет көрсету станцияларында, жанармай бекеттерінде және демалыс орындарында да пайда болады. Қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге терминалдарды орнату қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінде облыста қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 16 пайызды құрайды.