Аққайың ауданының Лесное ауылында облыстың қазақ күресінен алғашқы спорт шебері Бауыржан Құлжановтың жүлдесін сарапқа салған облыстық біріншілік өтті. Оған қатысқан 80 балуан жеті салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Сайыстың қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының балуандары Сұлтан Бірімжанов (32 кг.) және Абылай Сахабин (35 кг.), Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның өкілдері Диас Абұлхайыров (38 кг.), Диас Қожахметов (42 кг.) және Айбын Өмірзақ (50 кг.), аққайындық Андрей Кормин (46 кг.), ал Айыртау ауданының намысын қорғаған Дәулет Құрмаш (55 кг.) жеңімпаз атанды.
Жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен Аққайың ауданының құрама командасына Бауыржан Құлжанов атындағы ауыспалы кубок табысталды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.