«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Аққайың ауданына жаңа әкім тағайындалды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аудан активіне жаңа басшы Дәурен Байтөлешовті таныстырып, оған алдағы уақытта атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді жүктеді.

Ерік Хамзаұлы аудан басшысына ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашып, жалақыны ұлғайту, мемлекеттік қызмет түрлерінің сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.

– Ауданда бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша әлі де қарқынды жұмыс атқарылуы тиіс. Инвестиция тарту, өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс саласын жандандыру мен дамыту бағытындағы жоспарларды орындау міндеті тұр, – деді Ерік Сұлтанов.

Аудан әкімі болып тағайындалған Дәурен Байтөлешов Елбасы мен өңір басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Самат САПАРАЛЫ,

журналист.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Дәурен Бозтайұлы Байтөлешов Àққайың ауданының әкімі болып тағайындалды.

Дәурен Бозтайұлы Байтөлешов 1979 жылы Алматы қаласында туған, заңгерлік жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласындағы Алматы аудандық прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын және атқарушылық іс жүргізуді қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры қызметінен бастады.

2006 және 2007 жылдар аралығында кеңесші, Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі.

2007 жылдың желтоқсан айында Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2008 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2010 жылдың қаңтар айына дейін Қарағанды облысындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың тамыз айына дейін “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратындағы кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдың тамыз айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі өңірлік дамыту бөлімінің бас инспекторы болып еңбек етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp